Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты.
Қазақстан мен Ресей арасындағы достықтың жеті негізі туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады
268
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен президент Владимир Путин жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы Бірлескен мәлімдеме қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында атом электр стансасын салу жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында атом электр стансасын салуды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік экспорттық несие беру туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында «Қазақстан – Сириус» халықаралық білім беру мектебін және дарынды балалар мен жастарға арналған «Қазақстан – Сириус» орталығын құру және оның қызметі туралы келісім;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы мұнай саласы бойынша ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім;

5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Омбы қаласындағы филиалында Ресей Федерациясының азаматтарын оқытуға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру туралы келісім;

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Ресей Федерациясы Қаржы мониторингі федералды қызметі арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласы бойынша ықпалдастық туралы Келісімге қосымша келісім;

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясы Орталық банкі арасындағы қазақстандық теңге/ресейлік рубль валюталық своп туралы екіжақты келісім;

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясы Орталық банкі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Көлік министрліктері арасындағы көліктегі цифрландыруды дамыту саласы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары;

10. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Ресей Федерациясы Экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау федералды қызметі арасында Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;

11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресей Федерациясы Тұтынушылардың құқықтарын және адамның әл-ауқатын қорғау саласындағы федералдық қадағалау қызметі арасындағы ынтымақтастық бойынша нақты іс-шаралар жоспары;

12. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Ресей темір жолы» АҚ темір жолмен жүк тасымалын цифрландыруды дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары.

Сондай-ақ сапар барысында келесі құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК мен «TATMEDIA» АҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

2. «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.