Марқұм болған Қарабалиндердің туысы Асила Мұқанғалиеваның айтуынша, Сұлтан марқұм Наурыздың банктік қосымшаларының құпия кодын қорқытып сұрап алған болуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Ал марқұм ағамыз Мақсот Қарабалин мен жеңгеміз Нәсіп Өтешқалиеваның карталарының жанында құпия сөздері жазылып тұрған болуы мүмкін. Себебі, олар үлкен кісілер. Ал аға-жеңгемнің қыздары Мейрамгүл өте жуас. Ол картадан ақша алуды, құпия код дегендерді білмейді», – деді Қарабалиндердің туысы Асила Мұқанғалиева сот отырысынан кейін ATPress-ке берген сұхбатында.
Баян Жанұзақова
