Биыл фестиваль бесінші рет ұйымдастырылмақ.
LEVEL UP FESTIVAL 2026: Алматыда жаздың ең ауқымды жастар Open air фестивальдерінің бірі өтеді
158
оқылды

13 маусым күні Алматыдағы Сұңқар трамплиндерінде жыл сайын мыңдаған жасты музыка, еркіндік, шығармашылық және заманауи жастар құндылықтары төңірегіне біріктіретін LEVEL UP FESTIVAL 2026 фестивалі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биыл фестиваль бесінші рет ұйымдастырылмақ.

Бірнеше жыл ішінде LEVEL UP тек музыкалық шара ғана емес, Қазақстан жастары үшін нағыз жазғы мәдени құбылысқа айналды. Фестиваль ерекше атмосферасымен, ауқымды Оpen air алаңымен, жарқын визуалды шешімдерімен, белсенді digital-қолдауымен және танымал әртістер, блогерлер мен инфлюенсерлердің қатысуымен кеңінен танымал.

Фестивальдің басты ұраны — «Таза болу сәнді».

LEVEL UP жастар арасында саналы әрі таза өмір салтын насихаттап, есірткі қылмысына және зиянды тәуелділіктерге қарсы бағытты ұстанады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жастарды музыка, шығармашылық, спорт, еркін ойлау және салауатты өмір салты арқылы біріктіреді.

Фестиваль қонақтарын:

 ауқымды сахна мен қуатты әртістер құрамы;
 интерактивті бренд-аймақтар мен түрлі белсенділіктер;
серіктестерден сыйлықтар, ұтыстар және арнайы жобалар;
 фотозоналар мен контент алаңдары;
танымал блогерлер мен медиа тұлғалардың қатысуы;
үлкен жазғы Оpen air фестивалінің ерекше атмосферасы күтеді.

LEVEL UP FESTIVAL 2026 сахнасында өнер көрсетеді:

Ирина Кайратовна,
Kiliana,
Bakr,
Lucaveros,
Junior,
Ния,
Тында және басқа да өнер иелері.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, LEVEL UP — жаңа таныстықтар, шабыт, музыка және жарқын эмоциялар мекені. Мұнда жастар жазды қауіпсіз, заманауи әрі позитивті атмосферада өткізе алады.

LEVEL UP FESTIVAL 2026 фестивалі 13 маусым күні Алматы қаласындағы Сұңқар трамплиндерінде өтеді.