Жеделхатта Президент бауырлас әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
180
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиев пен әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.

Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Эфиопия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиені Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады.

Президенттің айтуынша, Эфиопия – Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдіріп, Тайе Ацке-Селассиенің жауапты қызметіне табыс, достас Эфиопия халқына құт-береке тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.