Ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Республиканың көптеген өңірлерінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі болжануда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +19...+21°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +23...+25°C.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер:
Астана қ.: 28 мамырда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 28 мамырда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей уақыттарда екпіні 15 м/с.
Шымкент қ.: 28 мамырда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
28 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз жаңбыр найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 мамырда Атырау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 мамырда Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 мамырда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 мамырда Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 мамырда Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 мамырда түнде Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 мамырда күндіз Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, дауыл, облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні кей уақыттарда 23-28 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 мамырда түнде Абай облысының шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
28 мамырда түнде және таңертең Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 мамырда түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 мамырда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
28 мамырда түнде Алматы облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 28 мамырда жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
28 мамырда Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
