Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі денсаулыққа пайдалы ету үшін науқанға белсенді қатысуға шақырады.
«Салауатты жаз» профилактикалық науқаны басталды
Фото: istockphoto.com
169
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың жаз мезгіліндегі денсаулығын сақтауға бағытталған жыл сайынғы «Салауатты жаз» профилактикалық науқанының басталғанын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Бағдарлама бүкіл жаз маусымын қамтиды және медициналық тексерулерді, ағартушылық акцияларды, мектеп медицина қызметкерлерін оқытуды және басқа да іс-шараларды қамтиды.  Науқанның шеңберінде өңірлер мен ауылдық елді мекендерге құрамында педиатрлар, офтальмологтар, стоматологтар, хирургтер және өзге де мамандар жұмыс істейтін жылжымалы медициналық кешендер жіберіледі. Сондай-ақ негізгі кезеңде тексеруден өтпеген балалар үшін қосымша тексерулер ұйымдастырылып, медициналық ұйымдарда тұрақты түрде «Ашық есік күндері» мен «Денсаулығыңды тексер» акциялары өткізіледі.

Созылмалы аурулары бар балаларға ерекше назар аударылады: «Салауатты жаз» бағдарламасы шеңберінде олар қажетті сауықтыру шараларымен және медициналық бақылаумен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, бағдарлама шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мектеп жанындағы және жазғы лагерьлерде кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ата-аналар мен балаларға инфекциялық аурулардың алдын алу, қауіпсіздік және психоэмоционалдық денсаулық мәселелері бойынша жадынамалар, бейнероликтер мен инфографикалар қолжетімді болады. 

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі денсаулыққа пайдалы ету үшін науқанға белсенді қатысуға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.