Салтанатты шараға әскери бөлім басшылығы, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.
Қарағандыдан Ұлттық ұланның алғашқы 1-2026 шақырылым сарбаздары Астанаға аттанды
Фото: gov.kz
218
оқылды

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге көктемгі 1-2026 шақырылымының алғашқы сарбаздарын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шара барысында 30 жас сарбаз Астана қаласында орналасқан 5573 әскери бөліміне аттанды. Салтанатты шараға әскери бөлім басшылығы, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Жас сарбаздарға ақ жол тілеп, Отан алдындағы абыройлы қызметтеріне сәттілік білдірілді. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өткен рәсім ерекше патриоттық көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында сарбаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табысталып, олардың әскери қызметке деген ынтасы мен жауапкершілігі атап өтілді. Болашақ жауынгерлер алдағы уақытта әскери тәртіпті меңгеріп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқаратын болады.

Айта кетейік, 5573 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының маңызды стратегиялық нысандарын күзету мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін орындайтын бөлімдердің бірі болып саналады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.