«Нұр-Мұқасан» тобының айналасындағы дауға қатысты қылмыстық іс әлі күнге дейін сотқа жетпеген.
«Нұр-Мұқасан»: жапа шеккен Ғалымжан Сүлеймен соттан әділдік күтеді
Фото: ozgeris.info коллажы
236
оқылды

Бұрын топтың арт-директоры болған әнші Ғалымжан Сүлеймен өзін Мұқасан Шахзадаев пен оның қасындағы азаматтар соққыға жыққанын айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Даудың шығуына авторлық құқық мәселесі себеп болған. Ғалымжан Сүлейменнің сөзінше, Мұқасан оны кездесуге шақырып, әндерді орындау мен әлеуметтік желіге жариялауға қатысты ренішін айтқан. Кейін жанжал ушығып, арты төбелеске ұласқан көрінеді.

Әнші бұл оқиғадан кейін мұрнына ота жасатқанын айтып, іс әділ тергелуін талап етіп отыр. Сонымен қатар соңғы уақытта өзіне қысым көрсетіліп жатқанын да мәлімдеді.

Ал Мұқасан Шахзадаев тағылған айыптарды жоққа шығарып, істің заң аясында қаралып жатқанын айтты.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақын. Іс материалдары жақын күндері прокуратураға жолданып, кейін сотқа жіберіледі.

Мәжіліс депутаттары да бұл мәселеге пікір білдіріп, авторлық құқыққа қатысты даулар тек заң аясында шешілуі керек екенін айтты.