Гимнаст Эмиль Ахмеджанов Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық гимнаст Ташкентте өткен жарыстың жеңімпазы атанды
Фото Сали Сабиров / Olimpic.kz
127
оқылды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Эмиль Ахмеджанов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық гимнаст еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды.

Финалда Ахмеджанов 13,650 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды

Күміс медальді өзбекстандық Хумоюн Исломов (13,600) иеленсе, қола жүлде моңғолиялық Энхтүвшин Дамдиндоржға (13,500) бұйырдыл

Атынхан Темірбек жарысты сегізінші орынмен аяқтады (12,500).