Атырау қаласындағы «Нұрсая» ықшамауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде балконнан өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті қысқа уақытта сөндіріп, жалынның пәтер ішіне таралуына жол бермеді.
Қатты түтін салдарынан 4-қабаттағы пәтерде болған 2019 жылы туған бала баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге шығарылды.
Сондай-ақ тұрғын үйден 45 адам, оның ішінде 15 бала өздігінен эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ.
Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
