Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдауды ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
– Қаржы және бюджет комитеті Заң жобасы бойынша бастамашылардың, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Комитеттің кеңейтілген отырысын өткізді. Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасына оң қорытындыларын берді.
Заң жобасы биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Салық кодексіне қаралып жатқан өзгерістердің күшіне енуін көздейді. Осы айтылғандардың негізінде Қаржы және бюджет комитеті Заң жобасын қабылдап, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберуді ұсынамын, – деді Берік Бейсенғалиев.
