Әнші Бағдат Сейіт «1001 түн» студиясында қонақта болды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әнші болмай тұрып спортпен айналысқанын айтты. Алайда бұл салада көңілін қалдырған жағдай болғанын жасырмады.
«Әнші болғанға дейін күреспен айналыстым. Чемпионат кезінде маған әділетсіз шешім шыққан соң спорттан көңілім қалып, ол саладан кетіп қалдым. Кейін жақындарым әншілік қабілетімді байқап, осы бағытқа бет бұрдым. Алдымен музыкант болып тойларға шықтым, кейін даяшы болып та жұмыс істедім. Конкурстарға қатысып, біртіндеп таныла бастадым», - дейді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
