Қордың негізгі миссиясы – Франциядағы әлеуметтік және экологиялық инновацияларды қолдау әрі ілгерілету.
Аида Балаева La France s’engage қорының президенті Одрэ Азулемен кездесті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
191
оқылды

Креативті индустрияларды дамыту қорының кеңсесінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның «La France s’engage» қорының президенті Одрэ Азулемен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Кездесу барысында тараптар «La France s’engage» қорымен бірлескен бастамаларды дамыту мәселелерін талқылады. 

Қордың негізгі миссиясы – Франциядағы әлеуметтік және экологиялық инновацияларды қолдау әрі ілгерілету. Атап айтқанда, қор білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік бейімдеу және цифрлық мүмкіндіктердің тең қолжетімділігі салаларындағы қоғамдық маңызы бар мәселелерге тың шешім ұсынатын жобаларға қолдау көрсетеді. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, әңгіме барысында білім беру, экология және цифрлық тең қолжетімділік бағыттарында ынтымақтастық орнату жөніндегі бастамалар қаралды. Сонымен қатар бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және жастардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау серіктестіктің перспективалы бағыттарының бірі ретінде аталды. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.