Өнер иесі тегін өзгертуге не себеп болғанын айтты.
«Өмірімізде қауіпті кезең болды...»: Әли Оқапов тегін өзгертуге не себеп болғанын айтты (видео)
243
оқылды

Әнші Әли Оқапов  "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында отбасындағы жағдай туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі тегін өзгертуге не себеп болғанын айтты. Айтуынша, алғашында тегі Оқапов болған, одан кейін Әли Тасқынұлы болып өзгерген.

Әкесі өмірден өткеннен кейін отбасында қиын кезең болған. Бірақ бұл туралы ашып айтпады. Сол кезде анасы балаларын қорғау үшін тегін Рымбаев деп өзгерткен.

"Әкеміз қайтыс болғаннан кейін өмірімізде қиын кезеңдер, тіпті қауіпті жағдай болды. Сол кезде анамыз қорғау үшін Мәди екеуіміздің фамилиямызды Рымбаев деп ауыстырды. Ол қандай жағдай болғанын айтқым келмейді. Оны жариялауға құқым жоқ. Ол кезеңнен аман-есен өткеннен кейін тегімді қайта өзгерттім", – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.