Маңғыстау облысында тағы да өлі итбалықтар табылды.
Маңғыстауда Каспийдің жағасынан тағы да өлген итбалық табылды
280
оқылды

Бұл жолы Баутин ауылы маңындағы «Асан» және «Каса» аймақтарының арасындағы жағалаудан 35 итбалықтың және бекіре тұқымдас балықтардың өлексесі анықталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, 19 мамыр күні жануарлар дүниесін қорғау қызметінің инспекторлары аталған аумақта тексеру жүргізген. Осыған байланысты Экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары теңіз суынан сынама алып, зерттеу жұмыстарын бастаған. Сараптама нәтижелері кейінірек жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін 10-11 мамыр күндері Түпқараған ауданындағы Баутин ауылы жағалауынан 37 өлі итбалық табылған болатын. Сол кезде де теңіз суынан сынамалар алынған еді.