Рейстер 86 жолаушыға дейін сыятын Bombardier Q400 әуе кемесімен орындалады.
Астана – Балқаш – Астана әуе рейсіне билеттер сатылымы ашылды
Фото: gov.kz
343
оқылды

Vietjet Qazaqstan (Qazaq Air) әуе компаниясы 20 мамырдан бастап Астана – Балқаш – Астана бағыты бойынша ішкі әуе рейсіне билеттер сатылымын ашты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Билеттерді Vietjet Qazaqstan әуе компаниясының ресми сайтынан, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ әуе билеттерін онлайн брондау сервистерінен сатып алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.