Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Аққұм ауылы тұрғындарының күре жол бойын жарықтандыру туралы мәселесі оң шешімін тапты. Мәслихат депутаты Гүлжайна Айтжанованың бастамасымен көтерілген мәселе нәтижесінде Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізі бойына жарық шамдары орнатылып, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелі салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Батыс Қытай батыс Европа күре жолынын бойында орналасқан Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Аққұм ауылының тұрғындары магистральды жол бойының жарықтандырылмағандығы жөнінде шағым түсірген. Себебі осы мәселеге байланысты жол көлік оқиғасы көбейіп, зардап шеккендер де болған.
Бұл мәселеге байланысты Жалағаш ауданындық маслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясынын мүшесі Гүлжайна Айтжанова аудан әкімдігіне депутаттық сауал жолдады. Сондай-ақ Жалағаш аудандық маслихатындағы депутаттық сессияда мәселе ретінде көтерді.

Мәслихат депутаты Гүлжайна Айтжанова көтерген мәселе бойынша тиісті органдардың жауапты өкілдері келіп, тексеру жүргізіп, нақты шешімдер қабылдады. Нәтижесінде Батыс Европа-Батыс Қытай күре жолынын бойына заман талабына сай жарық шамдары қойылып, жаяу жүргіншілерге арналған, қауіпсіз өткел орнатылды.
– Бұл – жергілікті мәселені халықпен бірге көтеріп, партиялық тетік арқылы шешімін табуға болатындығының нақты дәлелі, – дейді Гүлжайна Айтжанова.
