Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Вице-президентінің құқықтық жағдайын айқындайды.
Президент туралы конституциялық заңның негізгі новеллаларын айтып берді  – Үнзила Шапақ
334
оқылды

Бүгінгі Мәжіліс отырысында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Үнзила Шапақ «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы конституциялық заңының жобасы үстіміздегі жылдың 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес әзірленгенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оның айтуынша, Заң жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Жолдауымен Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

– Заң жобасы 8 тараудан және 43 баптан тұрады және қолданыстағы конституциялық заңмен белгіленген құқықтық реттеудің негізгі қағидаттарының мирастық сабақтастығын сақтап қалды.

Сонымен қатар Заң жобасын 2026 жылғы Конституцияның ережелеріне бейімдеуден және жаңа мемлекеттік билік институттарын құруға байланысты нормаларды енгізуден басқа, алдыңғы актіде түзілген өткен нормалар айтарлықтай пысықталып, редакциялық тұрғыдан жақсартылды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Регламентінің 32-7-тармағына сәйкес бірлескен комиссия конституциялық заңының жобасы бойынша Парламент Палаталарының тұрақты комитеттері мен депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын қарайды және қорытады, – деді Үнзила Шапақ

Айтуынша, бірлескен комиссияның қарауына депутаттар тарапынан ұсыныстар түспеген. Сонымен қатар  мәтін бойынша түзетулер мен ескертулер жоқ, заң жобасы бастапқы редакцияда ұсынылған.