Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
Телекоммуникация нарығы реттелетін болады
280
оқылды

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс Теле­коммуни­кация­лар нарығын және дерек­терді өңдеу орта­лықтарын дамыту мәселе­лері жөніндегі заң жоба­ларын бірінші оқылымда қарайды. Үкіметтік түзетулер байланыс инфрақұрылымын дамытуға, перспек­тивалы технология­ларды тарту үшін қолай­лы жағдай жасауға және қызметтердің ха­лыққа қолжетім­ділігін қамтамасыз етуге бағыттал­ған. Өзгерістер «Тұрғын үй қаты­настары ту­ралы», «Байланыс туралы», «Ақпарат­тандыру туралы», «Пошта туралы», сон­дай-ақ «Қазақстан Респуб­ликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарға қатысты болады.

Күн тәртібінің жобасына депутаттар бас­тамашы болған бірінші оқылымдағы «Радиоак­тивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» жаңа заң жобасы мен оның ілеспе түзетулері енгізілді. Бұл құжат осы сала­дағы мемлекеттік реттеудің құқық­тық негіздерін анықтауға, халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Заң жобасында шығу көзі, белсенділік деңгейі және жартылай ыдырау кезеңін­дегі қалдықтардың жіктелуі енгізіліп, осы саладағы жұмыс тәртібі реттеледі. Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалар тиісті лицен­зияларға ие болуға, қалдықтарды қатаң есепке алуға, объек­тілердің ради­ация­лық қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге міндетті болады. Көму пункттерін пайда­лануға және жабуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, көму көлемін болжауға, жеке және заңды тұлғалардан қалдықтарды ақылы негізде қабылдауға уәкілетті Ұлттық оператор жауапты болады.

Екінші оқылымда депутаттарға ат­­­қа­ру­­­­шылық іс жүргізу саласындағы, сондай-ақ педагог мәртебесі мен білім беру мә­селелері жөніндегі заңнамалық өзгеріс­терді қарау ұсынылады.