Осылайша, 41 жастағы португалиялық шабуылшы кәсіби мансабындағы 971-голын соғып отыр.
Роналду Сауд Арабиясы чемпионатындағы 100-голын соқты
108
оқылды

Матчтың 75-минутында Криштиану Роналду қарсылас қақпасын дәл көздеп, Сауд Арабиясы чемпионатындағы 100-голын тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осылайша, 41 жастағы португалиялық шабуылшы кәсіби мансабындағы 971-голын соғып отыр. Айта кетейік, Роналду 100 голдық межеге небәрі 105 матчта жетті. Енді оның футбол тарихындағы 1 000 голдық көрсеткішке жетуіне 29 гол ғана қалды.

Еске салсақ, Криштиану Роналду Эр-Риядтың клубына 2023 жылы еркін агент ретінде қосылған болатын.

Сонымен қатар Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес тәжірибелі шабуылшының ұлттық құрамадағы орнына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Роналдудың деңгейі әлі де жоғары.

– Криштиану Роналдудың Португалия құрамасындағы орны ешқашан талқыға түспейді. Мен мансабымда күн сайын өзін жетілдіруге дәл осындай ынтамен кірісетін футболшыны көрген емеспін, – деді португалиялық маман.