Оның айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау – жаңа, заманауи әрі серпінді мемлекеттік-саяси модельге көшкенді білдіреді.
Ерлан Қарин: Заңнаманы үйлестіру елімізді өркендетудің жаңа кезеңі басталғанын айғақтайды
133
оқылды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстанның мемлекеттік дамуында жаңа кезеңнің басталғанын айқын көрсететінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау жаңа, заманауи әрі серпінді мемлекеттік-саяси модельге көшкенді білдіреді. 

– Дауыс беру нәтижелері біздің қоғамның президенттік реформалардың төңірегіне топтасып, тұтаса түсетінін растады.  Алайда Ата Заңды қабылдау – алғашқы кезең ғана.  Мемлекет басшысы айтқандай, алдымызда заңнамалық базаны үйлесімді ету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Алғашқы кезеңнің өзінде жаңадан 5 конституциялық заңды қабылдау, 8 конституциялық заңға және шамамен 60 кодекс пен заңға түзетулер енгізу қажет.  Одан кейін Құрылтай және Қазақстан Халық кеңесі секілді жаңа институттарды қалыптастыру міндеті тұр.  Үшінші, ең басты міндет – жаңа конституциялық қағидаттар мен құндылықтарды қоғамдық санада орнықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.

Бұл дегеніміз, ең алдымен, Тәуелсіздік және Егемендік, "Әділетті Қазақстан" идеясы, "Заң және тәртіп" қағидаттары, бірлік және ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, адами капиталды дамыту, мәдениет, білім, ғылым және инновация құндылықтары, еңбекқорлық, прогресс, табиғатқа деген қамқорлық.  Осылайша, Ата Заңның қабылдануымен конституциялық, институционалдық және идеологиялық деңгейлерде жаңа қоғамдық әдептің біртұтас мағыналық негізі қалыптасады, – деді Ерлан Қарин.