Ұлы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы А.Ермуханов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ф.Уахитов Ақжол және Мерген ауылдық округтеріне барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында өткен кездесуде тыл еңбеккерлеріне арнайы барып, мерекелік құттықтаулар мен сый-сияпаттар табыс етілді. Сапар барысында аға буынның хал-жағдайы сұралып, олардың соғыс жылдарындағы ерен еңбегі мен төзімділігіне алғыс айтылды.
«Қариясы бар үйдің қазынасы бар. Тылда тер төгіп, бейбіт күнді жақындатқан ардагерлерімізді ұлықтау – біздің басты парызымыз», – деп атап өтті аудандық партия филиалының төрағасы Артур Орынғалиұлы.
Бүгінде аудан бойынша 98 тыл ардагері бар. Мереке қарсаңында олардың барлығына тиісті әлеуметтік төлемдер жасалды. Өз кезегінде кейуаналар жылы лебіздерін білдіріп, елдің тыныштығы мен амандығы үшін бата берді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудандағы барлық округтегі тыл ардагерлері толық қамтылып, оларға деген назар мен қамқорлық алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғаса бермек.