«Таза Қазақстан»: Алматы облысы көгалдандыру жүмысы жүргізілді

Акция барысында қоршаған ортаны қорғау мен көгалдандыру мақсатында ағаштар отырғызылды.

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды,  - деп хабарлайды Aikyn.kz

Аталған игі шараға зиялы қауым өкілдері, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, облысымызға қарасты «Жыр, терме» және «Айтыс» мектептерінің жетекшілері, сондай-ақ Кеген ауданының тұрғындары белсене қатысты. 

Мұндай бастамалар табиғатты қорғауға үлес қосып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.