Қазақстан құрамасы Хоккейден әлем чемпионаты 2026 аясындағы алғашқы ойында Литва құрамасын 4:1 есебімен жеңді.
Кездесу барысында Қазақстан екі кезеңнен кейін 0:1 есебімен ұтылып жатқан. Үшінші кезеңде команда қатарынан төрт шайба соғып, ойынды өз пайдасына шешті. Гол авторлары — Кирилл Савицкий, Артур Ғатиятов, Семен Симонов және Федор Хорошев.
Бұл матчта Қазақстан құрамасы сапында бірден сегіз хоккейші алғаш рет әлем чемпионатына қатысты. Олардың ішінде гол соққан Хорошев, Ғатиятов және Симонов бар.
Турдың алғашқы ойынында Жапония құрамасы Франция командасына 3:4 есебімен жол берді. Ал турдың соңғы ойынында Польша мен Украина кездеседі.
Қазақстан құрамасының алдағы ойындары:
3 мамыр — Қазақстан – Жапония
5 мамыр — Қазақстан – Польша
7 мамыр — Қазақстан – Украина
8 мамыр — Қазақстан – Франция