Жарқын дебют: “BURKIT TEAM” командасының жауынгері нокаутпен жеңіске жетті

Ұлттық Ұлан сарбаздары жеңіске жетті

Алматыда аралас жекпе-жектен “NAIZA 82” турнирі өтті. Турнир шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының BURKIT TEAM командасының өкілі Абылай Шәкірбеков дебюттік жекпе-жекте сенімді жеңіске жетті.

 Ұландық спортшыға қарсы Дастон Исмаилов шықты. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды: бірінші раундта Шәкірбеков қарсыласын нокаутқа жіберіп, жоғары дайындық деңгейін, жауынгерлік рухы мен салқынқандылығын көрсетті.

Жекпе жектен кейін әскери жауынгер спорттық жолды жалғастыратынын атап өтті:

"Мен өз жолымды жалғастырамын! Сеніммен әрі мақтанышпен!" деді ол.

Абылай Шәкірбековтің бұл жеңісі — тек қызметте ғана емес, спорттық аренада да құқықтық тәртіп әскерін лайықты көрсететін әскери қызметшілердің кәсібилігі мен жауынгерлік рухының жарқын үлгісі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін “NAIZA 81” турнирінде лейтенант Әйгерім Төреханова Қытай өкілі Гүлсайран Азатты жеңген болатын.