Ұлттық ұланда 30 түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді

Ұлттық ұланда қазақ, өзбек, орыс, ұйғыр, татар, кәріс, әзербайжан, күрд және өзге де этностардың өкілдері бар.

Қазақ, өзбек, орыс, ұйғыр, татар, кәріс, әзербайжан, күрд және өзге де этностардың өкілдері мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын бірлік пен келісім қағидаттарын айқын көрсетеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әскери қызметшілер ұлтына қарамастан ортақ міндетті - қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді абыроймен атқаруда.

Ұлттық ұланда ұлтаралық келісімді нығайтуға, өзара құрметті қалыптастыруға және біртұтас ұжымдық рухты дамытуға ерекше мән беріледі.