Әнші Біржан Хасанғалиев әлеуметтік желіде әкесі, белгілі композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевті еске алып, жантебірентер жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол бес жыл уақыт өтсе де, әкесінің орны бөлек екенін жеткізіп, әсерлі өлең жолдарын арнады.
«Уақыт өтеді,
Ай, күн қалады.
Бақыт кетеді,
Қайғым қалады.
Адам өледі,
Ажал қалады.
Мәңгі тіршілік
Мазамды алады…», - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, Ескендір Хасанғалиев қазақ өнеріндегі орны бөлек тұлға екенін айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.