Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіп кооперациясын дамытуға, сондай-ақ машина жасау, көлік, энергетика, ІТ, авиация өнеркәсібі және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға назар аударылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Форум барысында ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ және Чехия Республикасының жетекші авиациялық компанияларының бірі OMNIPOL арасында авиациялық техника саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар әуекемелерінің техникалық параметрлерін, конфигурациясын және пайдалану шарттарын нақтылау бағытында бірлесіп жұмыс жүргізетін болады. Бұл меморандум екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның авиациялық-құтқару әлеуетін дамытуға жаңа серпін береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.