76 жастағы Ұлытаулық саяхатшы Сарсенбай Котырашов Францияның астанасы Парижге дейін жаяу жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Қария шамамен 3 мың шақырымды 53 күнде еңсерді. Саяхатшыны көпшілік Ulytauman лақап атымен таниды.
Бұл – оның Еуропаға жасаған төртінші үлкен сапары. Бұған дейін де ол жаяулатып Қазақстанды аралап шыққан. Кейін Кавказ арқылы Стамбул қаласына жетсе, одан соң Алтай мен Моңғолияны басып өтіп, Пекин шаһарына дейін барған.
Сарсенбай Котырашовтың айтуынша, оның басты мақсаты – қазақ халқының қайсарлығын әлемге таныту және Гиннестің рекордтар кітабы тізіміне ену. Ол үшін жаяу жүріп 40 мың шақырымнан астам жол жүру қажет. Қазіргі таңда оның жалпы жүріп өткен қашықтығы 18 мың шақырымға жеткен.
– Еуропадағы сапар оңай болмаған. Қатаң ережелерге байланысты ол автобандармен тікелей жүре алмай, көбіне айналма жолдармен, велосипед жолақтары мен қиын соқпақтар арқылы қозғалған. Тіпті жүк таситын арбасы да жолға шыдамай сынған. Соған қарамастанмақсатыма жеттім, – деді ол.
Ақсақалдық келесі жоспары – 2027 жылы АҚШ-та жаяу сапар жасап, Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейінгі сегіз штатты кесіп өту.