2026 жылғы 23–26 сәуір аралығында Ташкент қаласында Fédération Équestre Internationale (FEI) бекіткен халықаралық ат спорты турнирі өтуде, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарыс аясында спортшылар әртүрлі биіктіктегі бағыттар бойынша бақ сынайды. Бағдарлама 120 см-ден 155 см-ге дейінгі кедергілерді қамтитын алты негізгі сайыстан тұрады. Атап айтқанда, алғашқы күні Accumulator және World Cup Grand Prix Qualifier жарыстары өтсе, келесі күндері екі фазалы жарыстар мен финалдық кезеңдер ұйымдастырылады.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
120 см биіктіктегі алғашқы сайыста:
Бекжан Байжанұлы (KING DIAMOND) – 1 оын
Олег Соколенко (SHENANIGAN) – 3 орын
Ислам Исламов (CLASSICA STAR) – 6 орын
140 см биіктіктегі World Cup Grand Prix Qualifier кезеңінде:
Ксения Баталова (LADY DI) – 1 орын
Олег Соколенко (CINDERELLA) – 2 орын
Нұрила Тұрысбекова (QUIBELLE VAN D’ABELENDREEF) – 3 орын
Раисса Соколенко (URAN – NAD WIGRAMI) – 5 орын
Турнирдің негізгі кезеңдері алда, оның ішінде жексенбі күні өтетін FEI Jumping World Cup™ «Eurasian League» Гран-приі болмақ. Бұл сайыста спортшылар 155 см биіктіктегі кедергілерден өтіп, ең үздік нәтиже үшін сынға түседі.
Қазақстан құрамасы қатарында: Олег Соколенко, Ислам Исламов, Даяна Оңайева, Аян Ғани, Ясмин Ибрагимова, Бекжан Байжанұлы, Азамат Хассенов, Нұрила Тұрысбекова, Раисса Соколенко, Шыңғыс Мәлікжардар, Ксения Баталова, Жаннет Чайжунуссова өнер көрсетеді.
Аталған халықаралық турнир тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар кәсіби тәжірибе алмасудың, халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың және аймақтағы ат спорты инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін маңызды алаң. Мұндай жарыстар өңір спортшыларының әлемдік деңгейге шығуына мүмкіндік беріп, ат спорты мәдениетін жаңа деңгейге көтереді.