Бүгін World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан атынан кімдердің және қанша боксшы шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ел құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шығатын болды.
Күндізгі сессия:
80 келі. Жібек Жарасқызы - Эмилия Котерска (Польша)
85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы - Валериж Уолтер (Германия)
60 келі. Виктория Графеева - Анета Элзивета Рыгельска (Польша)
Кешкі сессия:
65 келі. Аида Әбікеева - Ошин Дирию (Бельгия)
51 келі. Алуа Балқыбекова - Ксиню Ки (Қытай)
80 келі. Диас Молжігітов - Уондерлей Перейра (Бразилия).
Айта кетсек, 24 сәуірде Аида Әбікеева (65 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі),Виктория Графееева (60 келі), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі) қарсыластарын жеңсе, Даниял Сәбит (50 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі) жарыс жолынан шығып қалды.