"1 миллион беремін": Баян Алагөзова әлеуметтік желіде байқау жариялады (видео)

Талап бойынша, қатысушылар зорлық-зомбылық туралы әнге билеуі керек.

Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына қатысты байқау жариялағанын мәлімдеді, – деп жазды Aikyn.kz.

Талап бойынша, қатысушылар зорлық-зомбылық туралы әнге билеуі керек. Продюсер үздік атанған қатысуларшылар концертте өнер көрсететінін айтты.

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты байқауымды өздеріңіздің ерекше билеріңізбен қолдаңыздар. Осы әнге би түсіріп, менің парақшамды белгілеңіздер. Жеңімпазға 1 000 000 теңге сыйлық беріледі. Егер өте керемет жұмыс болса, KeshYou тобымен 20 жылдық концертте бірге өнер көрсету мүмкіндігі бар», – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.