Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Мұхтар Шаханов — 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ақын және қоғам қайраткері.
Әр жылдары журналистикада, әдеби салада қызмет атқарды, КСРО және Қазақстан парламентінде депутат болды. 1993–2003 жылдары Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.
Көптеген өлең, поэма, драмалық шығармалардың авторы. Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғызстанның Халық ақыны, халықаралық және мемлекеттік сыйлықтардың иегері.
Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді.
Оның өлең әлеміне өрісті өрнек, жаңаша тыныс әкеліп, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік жаңалық, тереңдік дарытқан шығармалары руханиятымыздың құнды қазынасына айналды.
Қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты ойлы да отты пікір айтып, өзіне ғана тән азаматтық биік ұстанымның үлгісін көрсетті.
Мұхтар Шахановтың қайсар мінезі, өр рухы, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүдде алдындағы адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын, - деп жазады Мәдениет және ақпарат министрлігі