Павлодарда өрт кезінде терезеден секірген бойжеткен көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Оқиға 12 маусым күні таңға жуық бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Өрт кезінде 2003 жылғы бойжеткен өзін-өзі құтқаруға тырысып, құтқарушылар келгенше екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.
Науқас №3 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, бойжеткенді құтқару мүмкін болмаған.
– Медициналық шараларға қарамастан, сағат 05:50-де қаза тапты. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін дене сот-медициналық сараптамаға жіберіледі, - дейді облыстық полиция департаменті.
Осы өрт кезінде құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабаттан екі адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды. Қазір екі ересек адам көк түтінге уланып, ауруханаға жатқызылған болатын.
– 20 шаршы метр аумақта үйдегі заттар, жиһаз және терезе жақтауы жанған. Өрт 04:16-да оқшауланып, 04:22-де толығымен сөндірілді, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.