Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен RAF 08 турнирінде чемпиондық белбеу үшін өткен белдесуде жеңіліске ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол финалда атақты америкалық балуан Кайл Снайдермен кездесіп, тартысты жекпе-жек өткізді. Айтмұхан алғашқы кезеңде 6:0 есебімен алға шыққанымен, қарсыласы кейін басымдық танытып, белдесу 12:6 есебімен аяқталды.
Осылайша, Снайдер жартылай ауыр салмақтағы RAF лигасының чемпиондық атағын сақтап қалды.
Айта кетейік, Кайл Снайдер – 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және Токио ойындарының күміс жүлдегері, сондай-ақ бірнеше дүркін әлем чемпионы. Ал Ризабек Айтмұхан – 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия біріншіліктерінің бірнеше мәрте жүлдегері.
