Францияның Бордо қаласында өткен EGMO-2026 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті.
Қазақстандық оқушылар EGMO халықаралық математикалық олимпиадасында үш медаль жеңіп алды
Фото: gov.kz
152
оқылды

Жарысқа 66 елден 247 оқушы қыз қатысты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 медаль иеленді:

Күміс медаль – Катунина Юлия, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

Күміс медаль – Қайрат Аружан, Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы;

Қола медаль Которова Вера, Алматы қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.

Құрама команданы жаттықтырған жетекшілер - Антон Васильев пен Марат Нсанбаев. Жалпы командалық есепте Қазақстан 66 елдің ішінде 20-орынды иеленсе, ресми еуропалық елдер арасында 10-орынға тұрақтады.

Айта кету керек, 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы EGMO олимпиадасында 3 алтын, 16 күміс, 17 қола медаль және 4 құрмет грамотасын жеңіп алған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.