ІІМ концерт билеттерін сатып алу кезіндегі алаяқтық қаупі туралы ескертеді.
Алаяқтар билеттерді қымбат бағаға сатады
Фото: gov.kz
187
оқылды

Ішкі істер министрлігі азаматтарға концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу кезінде мұқият болуды ұсынады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Интернетте билеттерді сату немесе алып-сату бойынша күмәнді ұсыныстар кездесуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі концерт билеттерін сату кезінде кездесуі мүмкін алаяқтық туралы ескертеді. Интернет желісінде концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу немесе алып-сату бойынша жалған хабарландырулар, сондай-ақ делдалдардан ұсыныстар кездесіп жатады.

Алаяқтар билеттерді сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбат бағаға сатады. Одан бөлек, жалған билеттер таратуы да мүмкін. Оларға сенген адамдар ақша аударып, соңында билетсіз қалуы ықтимал. Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады және кез келген іс-шараға билеттерді тек ресми әрі тексерілген жерлерден сатып алуды ұсынады. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаған абзал, - деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.