Қолдау білдірген жандарға алғыс білдірді.
«Алтын ханым - 2026»: танымал мектеп директоры Баян Алагөзова ұйымдастырған байқауда жеңімпаз болды (видео)
361
оқылды

Астанадағы мектептің директоры, көпбалалы ана Ақмоншақ Нұртазақызы продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырған “Алтын ханым” жобасында жеңімпаз болды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол жобадан ұтып алған 3 миллион теңге қаражатты әйелдерді қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаға жұмсайтынын айтты.

Сонымен қатар өзіне қолдау білдірген жандарға алғыс білдірді.

«Бүгінгі жеңіс — менің ғана емес, мені шын жүректен қолдаған әрқайсыңыздың жеңісіңіз.Осы жолда бір сәт те жанымнан табылып, дауыс беріп, жақындарыңызға айтып, қолдау көрсеткен баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін. Сіздердің сенімдеріңіз маған күш берді, ал махаббаттарыңыз жүрегіме үміт сыйлады. Бұл жеңіс — үлкен жауапкершілік, үлкен аманат. Мен үшін бұл тек бастамасы… Алда әлі талай әдемі белестер бар деп сенемін. Жанымдағы әрбір жанға рахмет! Бірге болғандарыңыз үшін, шынайы қолдауларыңыз үшін, жүректен шыққан әр тілек үшін мың алғыс», - деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.