Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен ерекше құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.
Желідегі парақшасында продюсер келіні өмірінің жалғасы екенін атап өтіп, аналық ақ тілегін жеткізді.
"Ене үшін өміріндегі ең маңызды жан ол әрине келіні! Неге десеңіз ененің өмірінің жалғасы, ұрпағын жалғастырушы келесі анасы өз келіні. Мінекей бүгін біздің отбасымыздың әсіресе менің ең алғашқы қызығым, тұла бойым тұңғышым, сіздердің де ақ Қайроштарыңыздың , үлкен махаббатымен өмірлеріңізге еніп, жүректеріңізден орын алған, Жұлдыз келініміздің туған күні құтты болсын! Алла өмір жасын ұзақ, ғұмырлы, мәнді етсін!", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары ене мен келіннің татулығына риза болып, қолдау білдірді.
"Ене болса, сіздей болсын. Құтты болсын", "Қызыңыз сияқты еркелеп тұр", "Осылай бірге көру бізге үлкен қуаныш", "Тату болыңыздар", - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
