Тележүргізуші Қызылорда қаласында орналасқан стадионды көрсетті.
«Өте бай болсам, футбол клубын сатып алар едім»: Ләйлә Сұлтанқызы арманын айтты
Фото: instagram.com/sultankyzy
114
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы балалардың болашағына инвестиция жасау маңызды екенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол әлеуметтік желіде спортқа қызығатын балаларға жағдай жасағысы келетінін жеткізген.

"Өте бай болсам, футбол клубын сатып алар едім. Себебі ол шығын емес. Бұл - инвестиция. Болашаққа. Балаларға. Ертеңгі чемпиондарға. Ертеңгі мықты қоғамға деп ойлаймын… Мынау Қызылордадағы стадион, бізге әзірге әдемі фон ғана болуы мүмкін… Бірақ кім біледі, мүмкін дәл осы алаңда ертең бір Lionel Messi немесе Cristiano Ronaldo сияқты жұлдыздар доп теуіп жүрген шығар…", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.