Халық әртісі, әнші Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Светлана Айтбаева болашақ келініне қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі болашақ келінінің қандай болғанын қалайтынын жеткізді.
«Жақсы сөз - жарым ырыс» демекші, көпшіліктің тілеуі ғой. Біздің де күтіп жүрген сондай бір әдемі сәтіміз… Барша тілеулес болып жатқан жандарға рақметімді айтамын. Ең алдымен өзіне ұнайтын, бір-бірін түсінетін, тәрбиелі, білімді, ақылды, адал жар болса деп тілеймін»,- деді Света Айтбаева.
Әнші келін келген жерінің тәрбиесімен, тәртібімен танысуы керек деп санайды. Ал бөлек немесе бірге тұруды жастардың өзі шешеді дейді.
«Бәрін тастап міндетті түрде 1 жыл бірге тұрыңдар деп күштеуге де болмайды. Жұмыстары болады, оқиды. Бірақ келген отбасының, үйдің тәрбиесін көру керек, міндетті түрде. Ағайын-туыспен араласып, қонақ шақырып, дастарқан жасап, сондай бір әдемі мектептен өтуі керек. Ал бөлек немесе бірге тұруы ол қазіргі заманға сәйкес өздері шешеді», - деді Светлана Айтбаева.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
