Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
«Діни материалдарды заңсыз таратқан»: Дарын Мубаров екінші рет жауапқа тартылды
241
оқылды

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін өзін «уағызшы» деп таныстырып жүрген Дарын Мубаровты жауапқа тартты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айта кетейік, бұған дейін ол 2025 жылдың қазан айында осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған болатын. Алайда Дарын Мубаров заң талаптарын елемей, бір жыл толмастан заңсыз әрекетін тағы қайталаған.

Аталған факті бойынша Дін істері жөніндегі басқарма қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды (осы баптың 1-бөлігінің 3-тармақшасында көзделген құқықбұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау).

Осылайша, сот шешімі бойынша Д.Мубаров әкімшілік құқықбұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Бұл  865 000 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтаудың маңыздылығын және діни мазмұндағы материалдарды таратудың белгіленген тәртібін бұзуға жол бермеуді еске саламыз,  деп ескертеді Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы өкілдері.