ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кеш аясында «Қабдеш Жұмаділов. Библиографиялық көрсеткіш» атты басылымның таныстырылымы өтті. Жинаққа қаламгердің шығармалары мен түрлі жарияланымдары топтастырылған. Қатысушылар жазушының қазақ әдебиеті мен ұлт руханиятының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар жазушының шығармашылық жолынан сыр шертетін ауқымды әдеби көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
