Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Франция Республикасы Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясы делегациясының басшысы Валери Буайемен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, парламентаралық өзара іс-қимылдың келешегіне және жаңа бірлескен жобалардың басым бағыттарына тоқталды.
Парламентаралық ықпалдастық арта бермек
170
оқылды

Кездесу барысында палата Спикері меймандарға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Франция арасындағы сындарлы әрі стратегиялық байланысқа жоғары баға берді. Сондай-ақ ол Франция Қазақ­стан­ның Еуропалық Одақтағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін айтты. Мәулен Әшім­баев екі мемлекет арасында, ең алды­мен, жоғары деңгейде тұрақты саяси диа­лог жолға қойылғанын да ерекше атап өтті.

«Қазақстан мен Франция екіжақты ын­тымақтастықтың барлық бағыты бойын­ша берік байланыс орнатып, нақ­ты нәтижелерге қол жеткіздік. Бұл – ең ал­дымен, жоғары деңгейдегі сындарлы сая­си диалогтың нәтижесі. Кейінгі үш жыл­да жоғары деңгейде маңызды сапар­лар ұйымдастырылды. Қазақстан Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Фран­цияға ресми және мемле­кет­тік сапар­мен екі рет барды. Франция Пре­зи­денті Эмманюэль Макрон 2023 жылы Қазақстанға ресми сапармен келді. Сол кез­десулердің нәтижесінде екіжақты қа­тынастар берік стратегиялық серіктес­тік деңгейіне көтерілді. Осы орайда Сіз­дің бұл сапарыңыздың да маңызы жо­ғары. Біз Қазақстан мен Франция ара­сын­дағы парламентаралық байланысты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», – деп, Сенат Төра­­­ғасы заң шығарушы органдар ара­сын­дағы байланысты жандандыру мәсе­ле­сі жөнінде сөз қозғады.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев елі­міздегі әлеуметтік-экономикалық, сая­­си жаңғыру үдерістеріне және рес­пуб­ли­ка­лық референдумның қорытынды­сына назар аударды. Соның аясында жаңа Конституцияның қабылдануы сая­си жүйені жаңғыртудың және құқық­тық мемлекетті нығайтудың маңызды кезеңі екеніне баса мән берілді.

Өз кезегінде Валери Буайе парла­мен­таралық ықпалдастықты арттырудың маңы­зы жөнінде айта келе, Қазақстан мен Франция арасындағы ынты­мақ­тас­тықты одан әрі нығайтуға мүдделі еке­нін тілге тиек етті.

Сұхбат барысында тараптар парла­мен­таралық байланыстарды дамыту перс­пективалары жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, достық топтары және Еу­ропа Кеңесінің Парламенттік Ассам­блея­сы мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясы аясындағы өзара іс-қимыл мәсе­ле­лері сөз болды. Сондай-ақ сауда-эко­но­микалық және инвестициялық серік­тестікті, білім беру, өнеркәсіп, денсаулық сақ­тау, ауыл шаруашылығы сияқты са­ла­лардағы ынтымақтастықты кеңейту тетіктері назарға алынды.

Бұдан басқа, Сенат Төрағасы климат жә­не су мәселелеріне қатысты күн тәртібі аясындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ жасыл экономика мен атом энерге­ти­касы салаларындағы серіктестіктің маңы­зы туралы пікірін бөлісті.