Вэнс Иранның ұсынылған шарттарды қабылдамағанын атап өтті. Әсіресе, Тегеран тарапынан ядролық қару жасамауға қатысты нақты міндеттеме байқалмаған. Оның сөзінше, бұл мәселе келіссөздердің басты түйткіліне айналған.
АҚШ пен Иран келіссөздері нәтиже бермеді — шетелдік БАҚ
261
оқылды

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер тығырыққа тіреліп, тараптар ортақ мәмілеге келе алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-тар жарыса жазып жатыр.

Пәкістанның Исламабад қаласында өткен 21 сағаттан астам келіссөздерден кейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс елге оралды. Оның айтуынша, талқылаулар мазмұнды болғанымен, нақты келісімге қол жеткізілмеген.

Вэнс Иранның ұсынылған шарттарды қабылдамағанын атап өтті. Әсіресе Тегеран тарапынан ядролық қару жасамауға қатысты нақты міндеттеме байқалмаған. Оның сөзінше, бұл мәселе келіссөздердің басты түйткіліне айналған.

Сонымен қатар тараптар стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазы бойынша да ортақ шешім таба алмады. Иран бұғазды өз бақылауында ұстап, кемелерден төлем алуды талап етсе, АҚШ бұл аймақта бірлескен бақылау орнатуды ұсынып отыр.

Айта кетейік, аталған келіссөздер аймақтағы шиеленісті азайтып, ықтимал қақтығыстың алдын алуға бағытталған еді. Алайда тараптардың ұстанымдары сәйкес келмей, келісімге қол жеткізу мүмкін болмады.