Құралай Анарбекова артық салмақтан арылу үшін челлендж бастады.
Актриса Құралай Анарбекова сырт келбетін сынап жатқан оқырмандарына жауап берді (видео)
101
оқылды

Актриса Құралай Анарбекова сырт келбетіне қатысты сын айтып жатқан оқырмандарына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Актриса босанғаннан кейін салмақ қосқан. Ал кейбір оқырман мұны бетіне басып айтып жатқаны көңіл күйін түсіретінін жасырмады.

"Маған сырт келбетіме қатысты айтылып жатқан пікірлерді оқу ауыр. Иә, мойындаймын 10 келі салмақ қосып алдым. Менің өзіме де ұнамайды, киімдерім сыймайды. Бұрынғыдай жарқын киіне алмайтын болдым. Мен әдейі салмақ қосқан жоқпын. Өздеріңіз білетіндей, бір жыл бұрын тұрмысқа шығып, ана атандым. Оның бәрі бекер болмайды. Салмақ қосып аласың", - деді актриса. 

Құралай Анарбекова артық салмақтан арылу үшін челлендж бастады.

Желі қолданушылары актрисаға қолдау көрсетіп, артық салмағы қатты білінбейтінін айтып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.