Қызының есімін нағашы ата-әжесі қойғанын айтты.
«Жетінші перзентім дүниеге келді»: Төреғали Төреәлі қуанышты жаңалығын жеткізді
240
оқылды

Әнші Төреғали Төреәлінің жетінші сәбиі өмірге келді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бұл жолы бала өмірге келетін сәтте жұбайының жанынан табылғанын атап өтті. Сонымен қатар қызының есімін нағашы ата-әжесі қойғанын айтты.

«Мәриям, қош келдің, жарық дүниеге! Аллаға шүкір, бүгін жетінші перзентім дүниеге келді. Бұл — жай ғана жаңалық емес. Бұл — өмірдің жаңа тынысы. Жауапкершіліктің жаңа деңгейі. Толқында бұл жолы төртінші рет кесар тілігі болды. Шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай күтіп тұруды емес, осы сәттің ішінде болуды таңдадым. Қызымды өз қолыммен қарсы алдым. Ота үстінде қарап тұру — оңай емес. Бірақ сол бір сәт… Ол қорқыныштан да, ауырлықтан да биік тұрды. Бұл — өмірдің қалай басталатынын көру. Бұл — Алланың құдіретін көзбен сезіну. Қызымыздың есімін Мәриям деп қойдық. Бұл есім — жүрекпен қабылданған шешім. Нағашы атасы пен нағашы әжесі екеуі ырымдап, осы атты ұсынды», - дейді әнші.

Желі қолданушылары әншінің отбасын құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.