Сәуір айында елімізде бірқатар ауқымды туристік іс-шаралар жоспарланған.
Туристік іс-шаралар күнтізбесі: сәуір айында қай өңірлерге барған дұрыс?
Фото: iStock
250
оқылды

Бұл айда Қазақстан отандық және шетелдік туристерді кітап, қолөнер және технология әлемін біріктіретін жарқын оқиғалармен қарсы алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

22-26 сәуір күндері Астанада Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі өтеді. Көрме аясында жаңа кітаптардың таныстырылымы, авторлармен кездесулер және білім беру сессиялары ұйымдастырылады.
23-24 сәуірде Жамбыл облысында «Тараз – қолөнершілер қаласы» этномәдени фестивалі ұйымдастырылады. Қонақтар қолөнер көшесін аралап, шеберлік сабақтарына қатысып, халық шеберлерінің бірегей туындыларымен таныса алады.
26 сәуірде Қостанай облысында алғаш рет TechTrail Qostanai отбасылық техно-фестивалі өткізіледі. Бағдарламаға инженерлік квесттер, интерактивті зертханалар және өндіріс орындарына экскурсиялар енген.

Еске сала кетейік, биыл ел бойынша 55 ірі мәдени-туристік іс-шара жоспарланған.

Сапарыңызды алдын ала жоспарлап, өзіңізге қызықты іс-шараны таңдаңыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.