Үш раунд бойы Оразбек Асылқұлов басымдық танытты. Нәтижесінде, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, жерлесіміз ақтық сынға өтті.
Оразбек Асылқұлов өзбек боксшысын ұтып, финалдық кезеңге жолдама алды
358
оқылды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Оразбек Асылқұлов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін жұдырықтасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен қолғап түйістірді.

Үш раунд бойы Оразбек Асылқұлов басымдық танытты. Нәтижесінде, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, жерлесіміз ақтық сынға өтті.

Айта кетейік, бүгін, кешкі сессияда 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездеседі.