Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы облыстарындағы кедендерде қозғалыс тоқтайды.
Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылады
Фото: iStock
191
оқылды

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бірнеше өткізу пункті уақытша жабылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Шектеу көрші елдегі Цинминь мерекесіне орай, яғни ата-баба рухына тағзым ету мақсатында енгізіліп отыр. Сондықтан мамандар қазақстандықтарға сапарларын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Айта кетейік, Жетісу облысындағы екі теміржол бекеті жөнелту мен қабылдауды жалғастырып, тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істейді. Егер сапарыңыз шұғыл болса, пойызды пайдаланған жөн.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.